7-12 маусым аралығында Көкшетау қ. жасөспірімдер мен қыздар арасындағы ҚР Чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионатқа ҚР барлық аймақтарынан 220 спортшы қатысты. Спортшылар жеке жарыста, командалық және жұп-командалық жарыста, критерумде және топтық жарыста күш сынасты.
Үлкен қыздар арасында 15 км жеке жарыста №6 БЖМОРСМ тәрбиеленушісі Е.Склярова 22 мин 45,5 сек нәтижесімен 1 орын алды. Кіші жасөспірімдер арасында 30 км командалық жарыста құрамында Риве К., Райт Д., Муратжанов Е., Капезов Ж. бар біздің спортшылар 43 мин 34 сек нәтижесімен 3 орын алды. Үлкен жасөспірімдер арасында 40 км командалық жарыста құрамында Сичкарев В., Житниковский И., Ахметбаев М., Амирхан М. бар біздің спортшылар 53 мин 30 сек нәтижесімен тағы 3 орын ұтты. Үлкен қыздар арсында 20 км жұп-командалық жарыста Е.Склярова мен Е.Мещерякова спортшыларымыз 31 мин 01 сек нәтижесімен 2 орын алды.
Кіші жасөспірімдер арасында 24 км Критериум жарысында Нұр-Сұлтан спортшылары қатарынан 2-шіден 5-інші орындарды алып баршамызды қуантты: Риве К. 2 орын, Райт Д. 3 орын, Капезов Ж. 4 орын және Муратжанов Е. 5 орын. Үлкен қыздар арасында 22,5 км Критериум жарысында мектеп тәрбиеленушісі Е.Склярова жарыс жеңімпазы атанды.
82 км топтық жарыста үлкен жасөспірімдер арасында И.Житниковский 3 орын алды. 52 км топтық жарыста үлкен қыздар арасында Е.Склярова 3 орын алды. Кіші жасөспірімдер арасында 52 км топтық жарыста Д.Базарбеков 3 орынды иеленді. Спортшыларымызды құттықтаймыз және алдағы жарсытарда сәттілік тілейміз!