+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

«№6 Балалар мен жасөспірімдердің

мамандандырылған олимпиадалық резерв

спорт мектебі» КММ

бұйрығымен бекітілді

Б.Утегенов

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарттарын әзірлеудің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес жасалған және қоғамдық қатынастар саласында ұстанылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:

2. Дене шынықтыру және спорт саласы.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ.

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың жекелеген саласы үшін ұсынымдар жүйесін құруға бағытталған:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әсер ететін салады жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде:

жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету, өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн заңда белгiленген тәртiппен және мерзiмде қарау, олар бойынша қажеттi шаралар қабылдау;

нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды қайтарып алуға жол бермеуге, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау барысында бюрократияға (бюрократизмге) жол бермеуге;

жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;

жеке және заңды тұлғаларға жеке мәселелерін шешуде ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;

қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;

2) өз құзыреті шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

мүдделер қақтығысын болдырмауға, олар туындаған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жоюға шаралар қабылдауға; Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ қызметкерлерінің құзыретіне жататын шешімдерді қабылдау кезінде үшінші тұлғалардан ешқандай материалдық игіліктерді, қызметтерді және басқа да жеңілдіктерді қабылдамау, үшінші тұлғалардан заңды міндеттерін орындауға байланысты, сондай-ақ әріптестеріне, басшыларға және басқа да лауазымды адамдарға сыйлық бермеуге, сыйлықтарды қабылдамауға, өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жеке және пайдакүнемдік мүдделерді басшылыққа алмауға;

өздеріне берілген құқықтар шегінде және қызметтік міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;

жоғары жетістіктер спорты, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманы ұстануға;

3) бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің және кәсіпорынның басқа да ішкі құжаттары мен актілерінің жобаларын дайындау кезінде:

өзіне немесе үшінші тұлғаларға пайда алу мақсатында, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұза отырып, бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің және кәсіпорынның басқа да ішкі құжаттары мен актілерінің жобаларын әзірлеуге жол бермеуге;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің және кәсіпорынның басқа да ішкі құжаттары мен актілерінің жобаларын уақтылы әзірлеуге;

мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауға;

қызметкерлерді жоғарылату олардың жұмыс тәжірибесін, сіңірген еңбегін, оң сипаттамаларын және т.б. ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс;

кадрларды іріктеу кезінде еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға;

қызметкерлердің жеке деректері туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға немесе үшінші тарап ұйымдарына негізсіз беруге жол бермеу;

4) кәсіпорынның ерекшеліктеріне байланысты туындайтын басқа да қатынастарда:

Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес заңдылық қағидатын басшылыққа алуға;

мүдделер қақтығысының кез келген мүмкіндігін болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауда белсенділік танытуға: сыбайлас жемқорлықтың белгілі фактілері туралы басшылыққа дереу хабарлауға;

басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға итермеуге, мәжбүрлеуге немесе ынталандырмауға;

әріптестерінен жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұстануды қолдау және талап ету;

туыстық, қауымдық және жеке адалдық белгілері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларын болдырмау;

қызметкерлерге орындау анық мүмкін емес немесе олардың қызметтік міндеттерінің шегінен шығатын, сондай-ақ заңға қайшы келетін бұйрықтарды бермеуге;

қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қарамағындағылардың қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбауға, қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындауға бағынысты адамдарды тартуға жол бермеуге;

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдау;

заңда тәртіптік, әкімшілік жауапкершілік көзделген теріс қылық және басқа да құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеуге;

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау, сонымен қатар бағынысты адамдармен бірге.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған кездегі іс-әрекеттері:

1) егер қызметкерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықтың алдын алу және тоқтату бойынша қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін кәсіпорынның басшылығына жазбаша түрде дереу хабарлауы тиіс;

 

қызметкер сондай-ақ басқа адамдардың оны сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға итермелеу жағдайлары туралы аталған адамдарға жазбаша түрде дереу хабарлауға міндетті.

antikor 1

antikor 2

antikor 3


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіпінің ішкі талдамасы нәтижесі бойынша 2022 жылдың қаңтары мен ақпанына

талдамалы анықтама

 

Нұр-Сұлтан қ.                                                                  2022 жылғы 25 ақпан

        

Сыбайлас жемқорлық қауіпінің ішкі талдамасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық қауіпінің ішкі талдамасын жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.

  Қызметегі сыбайлас жемқорлық қауіпінің ішкі талдамасын жүргізу үшін, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ (бұдан әрі - Кәсіпорын) басшысының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 04-02/97 бұрығымен келесі құрамдағы жұмыс тобы құрылды: 

1) Ибеков Мұрат Тастемірұлы – басшының орынбасары, жұмыс тобының басшысы;

2) Чунтонова Наталья Владимировна – бас есепші, жұмыс тобының мүшесі;

3)  Мухамедкалиев Еламан Серікбайұлыәдіскер, жұмыс тобының мүшесі;

4)  Сарбасов Азамат Құрбанбайұлыәдіскер, жұмыс тобының мүшесі;

5) Симамбаева Гүлбаршын Маратқызымемлекеттік сатып алулар менеджері;

6) Аткеева Гүлнұр Мұратқызыкадрлар бойынша инспектор, жұмыс тобының хатшысы.

Талдау түрі: Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіпін анықтауға бағытталған ішкі талдама

Талдау мерзімі: 2022 жылғы қаңтар мен ақпан.

Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық қауіпінің ішкі талдауын үш бағыт бойынша жүргізді.

1.                     «Кәсіпорынның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық қауіпін анықтау» бағыты бойынша төменде көрсетілгендер оқылып қаралды: 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР Еңбек Кодексі №414-V ҚРЗ; 2014 жылғы 03 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңы №228-V ҚРЗ; 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы №434-V ҚРЗ; 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №648 бұйрығы; 2014 жылғы 22 қарашадағы «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шщынықтыру – спорт ұйымдары түрлерінің тәзбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің №106 бұйрығы; 2014 жылғы 28 қазандағы «Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің м.а. №55 бұйрығы; 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы; 2016 жылғы 10 маусымдағы «Дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидаларын және шарттарын бекіту туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрінің №157 бұйрығы; 2007 жылғы 12 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдікдерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің №112 бұйрығы.

2007 жылғы 12 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдікдерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің №112 бұйрығының 54 тармағына сәйкес, жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) туралы ережелерге енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеу орналасқан жерi өзгергенде,  жарғы (ереже) жаңа редакцияда қабылданғанда жүргiзiледi.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша әкімшілік-басқару персоналының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына ықпал ететін, жеке тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруында нормативтік құқықтық актілерді еркін түсіндіру мүмкіндігін тудыратын кедергілер, құқықтық олқылықтар жасауға ықпал ететін ережелер белгіленбеген.

2.                     «Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіпін анықтау» бағыты бойынша:

1)                    Қызметшілерді басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы :

2022 жылдың қаңтар және ақпан айларында Кәсіпорынның штат саны 32 штаттық бірлікті құрады, оның ішінде 1 қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылды, осы кезеңде 1 адам жұмысқа қабылданды, тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған, теріс себептермен жұмыстан босатылған қызметкерлер жоқ.

Кәсіпорынның барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті берген соттылығының бар-жоғы туралы анықтамаларды ұсынды. Кәсіпорын қызметкерлерінің соттылығы жоқ. Жеке және заңды тұлғалардан Кәсіпорынға шағымдар түскен жоқ.

2000 жылғы 22 қыркүйектегі «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1428 қаулысын және 2020 жылғы 14 қаңтардағы бұйрықпен бекітілген «Кәсіпорын қызметкерлері мен оқушыларын Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы» Кәсіпорын басшысының ережесін ұстану мақсатымен, спортшылардың жеке карточкалары мен барлық қажетті құжаттары жинақталған, сонымен қатар іссапардан оралғаннан кейін үш күн ішінде аванстік есеп пен оған тиесілі құжаттар тапсырылады.

2)    Мүдделер қайшылығының фактілері анықталмады;

3)    Кәсіпорын мемлекеттік қызметтер көрсетпейді;

4)    Кәсіпорында рұқсат беру және бақылау функциялары жоқ;

Қоғам қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

Кәсіпорын қызметіне тексеріс жүргізілген жоқ. Прокурорлық қадағалау актілері түскен жоқ.

3)                    Басқа мәселелер (сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша қабылданған шаралар).

Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің тиімділігі Қазақстан Республикасы Президентінің  «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыруды қамтамасыз ету үшін бірінші басшының актілерін қабылдауымен қамтамасыз етіледі. Кәсіпорынның ресми интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа қатысты барлық материалдар мен құжаттарды қамтитын «Профилактикалық жұмыс – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты арнайы бөлім бар.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтау және қалыптастыру мақсатында қызметкерлер семинар-кеңеске қатысты.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық қауіпінің алдын алу бойынша келесі ұсыныстар енгізеді:

1) Сыбайлас жемқорлық қауіпі, мүдделер қақтығысы жоғары салаларға қатысты қызметке тұрақты ішкі бақылау мен аудитті жүзеге асыру.

2) Ұжымда адал еңбек культін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем» төзбеушілікті қалыптастыру.

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізу.  

Басшының орынбасары                                                   М.Ибеков

Бас есепші                                                                          Н.Чунтонова

Мемлекеттік сатып алу менеджері                                 Г.Симамбаева

Әдіскер                                                                              Е. Мухамедкалиев

Әдіскер                                                                             А.Сарбасов

 

Кадрлар бойынша инспектор                                         Г. Аткеева

sostav 1

 

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz