+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00

Веломотокросс (BMX)


Веломотокросс (BMX)

Велосипед мотокроссы, веломотокросс немесе BMX (ағыл. Bicycle Motocross, «велосипед мотокроссы») — велоспорт түрінің бірі. Бұл велоспорт түрі үшін  велосипедтің BMX түрі қолданылады.

BMX 60-жылдардың соңында мотокрос АҚШ-та танымал спорт түріне айналған кезде пайда болды. Мотокросс осы велоспорт түрінің шабытшысы болды. Мотокросспен жарысқысы келген, бірақ қатыса алмайтын балалар мен жасөспірімдер мотокроссқа ұқсайтын және өздері жасаған моткросс жолдарына ұқсайтын жолдарда велосипедтерде жарысып, тәбеттерін қандыратын. Бұл жас зерттеушілер мотоцикл киімдерін киетін. Спорт BMX деп аталып және түрдің қалыптасуы аяқталды.

BMX жарысы төмен бағамен және көбінесе үйге жақын жерде шабыттандыратын әрекетті ұсынды. Сондықтан бұл спорттың неліктен кең тарағанын түсіну қиын емес. 70-ші жылдардың басында АҚШ-та BMX велоспорт мотокросс басқару органы құрылды. Бұл оқиға BMX ресми бастамасы болып саналады, содан кейін бұл спорт басқа континенттерге де енгізілді, оның ішінде Еуропада 1978 ж бері пайда болды.

1981 жылдың сәуірінде Халықаралық BMX федерациясы (IBMXF) құрылды және бірінші әлем чемпионаты 1982 жылы өтті, тау велоспортымен салыстырғанда әлем чемпионаты 10 жыл бұрын өтті. BMX бірегей велоспорттың түрі  ретінде тез тарады және бірнеше жыл ішінде мотокроссқа қарағанда велоспорттың сипаттамалары көбірек болды. Осылайша, 1993 жылдың қаңтарынан бастап BMX Халықаралық велошабандоздар одағының (UCI) құрамына енді.

2003 жылы қазанда Халықаралық велошабандоздар одағының кезекті конгресінде Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) BMX спортын 2008 жылы Бейжіңде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізетіні туралы айтылды. Бұл ойындарда ол бір ерлер және бір әйелдер ВМХ түрін қамтыды. Алғашқы Олимпиада чемпиондары латвиялық Марис Стромбергс пен француз Анна-Каролин Шауссон болды.

2015 жылдың 14 шілдесінде BMX шабандозы Джед Милдон төрт рет кері бұрылу арқылы әлемдік рекорд орнатты.

BMX түрлері

Жарыстар (ағылш. Race, сонымен қатар BMX Racing)

Трассаны ең жылдам өтуі үшін топырақ немесе асфальт жолда өтетін жарыс түрі. Сөре биіктігі 1,5 метрден 9 метрге дейінгі (суперкросс жолының стандарты 8 метрді құрайды) бастапқы таудан беріледі, әдетте, төрт (сирек бес) түзу сызықтан және үш (сирек төрт) бұрылыстан тұрады, онда әртүрлі кедергілер бар: «үстел» (ағылш. table), қос трамплин немесе «түйе» (ағылш. double), үштік трамплин (ағылш. triple), «саты» (ағылш. step-up), толқындар және т.б. Бір жарыста бір уақытта сегіз спортшыға дейін жарысады.

2000-шы жылдардың ортасында «сорғылау» әдісін қолдана отырып және педальсыз өтетін памп-трек, қысқа жол жарыстары жеке бағыт ретінде бөлінді.

Flatland (алылш. flat — тегіс, land — бет, жер)

«Велосипедте билеу» деп те аталатын ВМХ түрі. Бұл спорт түрінің мәні - тегіс жерде әртүрлі трюктерді орындау. Бұл бағыт басқалардың ішінде ең аз жарақат қауіпі бар бағыт.

Bmx-vert (ағылш. сокр. Vertical — тік)

BMXer U-тәрізді құрылымда (пандуста) жарысатын ВМХ түрі. Ең қауіптісі, әрі көрнекі, шабандоз жоғарғы жиектен төмен қарай жүріп түседі де, екінші шетінен биікке ұшып, түрлі трюктар жасайды. Маневрді аяқтағаннан кейін ол қайтадан рампаға ұшып түседі де, екінші жағынан қайта ұшып секіреді және т.б.

Bmx-dirt (ағылш. Dirt — балшық, топырақ)

Биік төбелері бар топырақ жолда трюктер орындалатын ВМХ түрі. Жоғары жылдамдыққа ие болған велошабандоз өте жоғары ұшып өте қиын трюктарды орындай алады.

Bmx-street (ағылш. — «көше»)

Баспалдақтар, шеттер, қоршаулар және т.б. сияқты қалаға тән кедергілері бар қалалық ортада трюктердің орындалатын ВМХ түрі.

 

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz