Астана қаласы әкімдігі Спорт және дене шынықтыру істері басқармасының «№6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - №6 БЖМОРСМ) Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесін жүзеге асырады.
№6 БЖМОРСМ негізгі мақсаттары:
- Оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту.
- Оқушылардың белгілі бір спорт түріне қабілетін анықтау.
- Оқушыларды велоспорт түрлеріне оқыту және моральдық-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.
№6 БЖМОРСМ негізгі міндеттері:
- оқушылар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене мүмкіндігінің жетілуіне бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асыру;
- жалпы білім беру мектептерінде және басқа да білім беру мекемелеріне спорт мектебінде жүргізілетін велоспорт түрлері бойынша әдістемелік және спорттық-бұқаралық жұмыстарға жан-жақты көмек көрсету;
- спорт резервін, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық құрама командаларға үміткерлер даярлауды қамтамасыз ету және спорт мектептерінде жоғары дәрежелі спортшыларды тәрбиелеу.
Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін №6 БЖМОРСМ:
- жыл бойы тұрақты сабақтар өткізу үшін жағдайлар жасайды;
- қабілетті оқушыларды болашақта велоспорт түрлері бойынша мамандыру үшін іріктеу жүйесін ұйымдастырады;
- жүйелі тәрбиелік жұмыстарды, соның ішінде оқушылардың спорттық этиканы сақтау дағдыларын, ұйымшылдығын дамытуды ұйымдастырады;
- алдыңғы қатарлы спортық технологияларды пайдаланып, соның ішінде оқу-жаттығу процесін ұйымдастырады;
- спорттық жарыстарды жүйелі өткізеді және оқушылардың спорттық жарыстарға белсенді қатысуын қамтамасыз етеді;
- оқушылардың қажетті теориялық білімді және тәжірибиелік дағдыларды игеруін қамтамасыз етеді.