+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00

BMX-racing жарысынан ҚР V Жастар ойындары


| Жаңалықтар
BMX-racing жарысынан ҚР V Жастар ойындары

Бүгін, 11 маусымда Талғар қаласында BMX-racing жарысынан V Жастар ойындары өтті. BMX-racing - бұл ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында пайда болған велосипед спортының жаңа түрлерінің бірі. Велосипедтің осы түрінен ресми әлем чемпионаттары тек 1982 жылдан бастап өткізіле бастады. Ал Қазақстанда BMX жарысы алғаш рет 2017 жылы өтті.

BMX жарыстары ұзындығы кемінде 300 м болатын топырақ жолда өткізіледі. Жол әртүрлі конфигурациядағы төбешіктер түрінде кем дегенде үш бұрылыстар мен төрт түзу жолдардан тұрады. Старт биіктігі 1,5-8 м рампадан (бастапқы таудан) беріледі. V Жастар ойындары барлық әлемдік стандарттарға сай келетін және Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) критерийлеріне сәйкес келетін Талғар қаласында Қазақстанның бірінші кәсіби BMX жолында өтті. ВМХ жолы Манчестердегі трек бейнесінде 2018 жылы салынған.

Жарыста спортшылар жарыстың негізгі кезеңдері - мотоға  өту үшін іріктеу кезеңін өтті. Әр мото-кезеңде спортшылар финалға өту үшін ұпай жинады. Мото кезеңдерінің қорытындысы бойынша №6 БЖМОРСМ спортшысы Семенюк Роман финалға іріктелді. V Жастар ойындарының қорытындысы бойынша №6 БЖМОРСМ спортшылары командалық есепте 3-орынға ие болды. Спортшыларымызды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz