Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Райымбаев Данияр Исраилұлы Нұр-Сұлтан әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлеріне арналған дәріс оқыды. Дәрістің тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру».
Дәрістің негізгі идеялық бағыттары ретінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қаржылық қылмыс жасау үшін барлық мүмкін жағдайларды жою, сондай-ақ заң бұзушылықтардың алдын-алу қарастырылды.