Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының спорт және дене шынықтыру басқармасы, Спорттық іс-шаралар дирекциясы, «Астана Орманы» ЖШС және №6 БЖМОРСМ бірлесіп ұйымдастырған жаппай велошеру өтті.
Велошеру «Нұр-Сұлтан» жасыл белдеуі аумағында, елорда тұрғындары мен қонақтарына белсенді спортпен шұғылдану мен дем алуға арнайы жасалған жаяу қашықтықтағы бірегей нысанда - «Астана Орманы» веложолында ұйымдастырылды.
Велошеруге 100-ден астам қатысушы қатысып, қала Әкімдігі мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының бағалы сыйлықтарын (велосипедтер, велосипедтер шлемдері, су флягалары) қатысушылардың арасында ойнатумен аяқталды.
Іс-шараны ұйымдастырудағы қолдауы мен көмегі үшін «Астана Орманы» ЖШС-нің даму жөніндегі басқарушы директоры, Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты Келигов Юсуп Хасанұлына зор алғысымызды білдіреміз.
Сондай-ақ, «Витрина Недвижимости» ЖШС-нің бас директоры Нұрғазин Данияр Маралұлына, басқарушы директоры Болат Аубайұлы Ақановқа №6 БЖМОРСМ спортшыларына велосипед шлемдерін сыйлап демеушілік көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.