+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27
  • Жаңалықтар
  • Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған әуесқойлар арасында тасжолдағы топтық жарыс

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған әуесқойлар арасында тасжолдағы топтық жарыс


| Жаңалықтар
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған әуесқойлар арасында тасжолдағы топтық жарыс

Бүгін, 2021 жылы 22 мамырында №6 БЖМОРСМ спортшылары қатысқан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған әуесқойлар арасында тас жолдағы топтық жарыс өтті.

Жарысқа 100-ден астам адам қатысты: триатлон федерациясының спортшылары, триатлоннан клубтық командаларының әуесқойлары, №6 БЖМОРСМ спортшылары және велоспорттағы әуесқойлар.

  • 2005-2006 ж. жасөспірімдер 40 км қашықтықты жүріп өтті. Мектептің юниорлары мен андерлері толықтай 80 км қашықтықты өтті.
  • Жасөспірімдер арасында Риве Кирилл 1 орынға, Мұрат Күйтенов 2 орынға және Давид Иглинский 3 орынға ие болды.
  • Юниорлар мен андерлер арасында орындар келесідей бөлінді: Стрельников Егор 1 орынды, Кармажаков Сергей 2 орынды және Васильев Дмитрий 3 орынды иеленді.

№6 БЖМОРСМ тәрбиеленушілері керемет тактикалық және командалық жұмысты көрсетіп, жарыста оза шауып жеңіске жетті. Спортшыларды Спорт және дене шынықтыру істері комитетеінің төрағасы Серік Жұманғалиұлы Сапиев марапаттады. Біздің спортшыларды және веложарысқа қатысушылардың барлығын құттықтаймыз!

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz