+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
  • Жаңалықтар
  • Тас жолдағы жеке жарыстан бақылау жаттығуы

Тас жолдағы жеке жарыстан бақылау жаттығуы


| Жаңалықтар
Тас жолдағы жеке жарыстан бақылау жаттығуы

2021 жылдың 21 мамыры күні 13-14 жасар кіші жасөспірімдер мен қыздар және 12 жас пен одан кіші ұлдар мен қыздар арасында бақылау жаттығуы өткізілді. Спортшылар 10 км мен 5 км жеке жарыста күш сынасты.  

Кіші жасөспірімдер арасында үздік нәтижені, қашықтықты 16 мин 17 сек өткен, Риве К. көрсетті. 16 мин 19 сек нәтижесін көрсеткен Райт Д. екінші болды. Ал 16 мин 33 сек құраған үшінші үздік нәтижені Муратжанов Е. көрсетті.  

13-14 жасар қыздар арасында Венглинская А. 19 мин 44 сек нәтижесімен үздік атанды. 20 мин 58 сек нәтижесін көрсеткен Андреева Э. екінші болды. Ал Адильбек Д. 21 мин 58 сек нәтижесімен үшінші үздік атанды.  

12 жас және одан кіші ұлдар арасында 5 км қашықтықты бәрінен тезірек бағындырған Коваленок Е., оның уақыты 9 мин 34 сек. Қашықтықты 9 мин 56 сек өткен Тажибаев Р. екінші үздік нәтиже көрсетті. Үшінші үздік нәтиже көрсеткен Ким К. уақыты 10 мин 04 сек құрады.   

12 жас және одан кіші қыздар арасында Сламинская А. қашықтықты 9 мин 41 сек өтті. Ал екінші үздік болған Идрисова З. нәтижесі 13 мин 07 сек құрады.

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz