Ағымдағы жылдың 15-16 мамыры аралығында Қостанай қаласында барлық облыстардан 160-тан астам спортшылардың қатысуымен жасөспірімдер мен қыздар, юниорлар мен юниор қыздар арасында Қазақстан Республикасының ХСС және ХСО маунтинбайк бойынша чемпионаты өтті.
Жарыстың бірінші күні кросс-кантри шорт-трек (ХСС) жарысында №6 БЖМОРСМ спортшылары келесі жетістіктерге жетті: юниор қыздар арасында Репп Л. 2 орын, қыздар арасында Склярова Е. 3 орын, кіші жасөспірімдер арасында Қапезов Ж. 2 орын алды.
Екінші күні кросс-кантри олимпик (ХСО) жарысында қыздар арасында Склярова Е. 3 орынды, кіші жасөспірімдер арасында Қапезов Ж. 2 орынды, юниорлар арасында Семенюк Р. 3 орынды, юниор қыздар арасында Репп Л. 2 орынды иеленді.
Спортшыларымызды құттықтаймыз және алдағы жарсытарда сәттілік тілейміз!