+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27

Тас жол жарысынан ҚР V Жастар ойындары


| Жаңалықтар
Тас жол жарысынан ҚР V Жастар ойындары

Ағымдағы жылдың 14-18 маусымы аралығында Петропавл қаласында тас жол жарысынан V Жастар ойындары өтті. Жарыста Қазақстанның барлық өңірлерінен жүз шақты спортшы қатысты.

Юниор қыздар арасында  жұптық-командалық жарыста Нұр-Сұлтан қ. спортшылары Н.Зайцева мен Е.Мандракова 25 км қашықтықты 37 мин 32 сек уақытта өтіп, жарысты жеңіп шықты. Юниор қыздар арасында 20 км жеке жарыста біздің спортшыларымыз тағы топ жарды. Зайцева Н. жарысты 30 мин 14 сек аяқтап 1 орынға ие болды. Мандракова Е. жарысты 30 мин 45 сек аяқтап 2 орын алды.

Юниор қыздар арасында 68 км топтық жарыста №6 БЖМОРСМ спортшысы Репп Л. 2 орын алды. Тас жолдағы V Жастар ойындарының қорытындысы бойынша №6 БЖМОРСМ спортшылары командалық есепте 2 орынға ие болды. Спортшыларымызды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz