Бүгін «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ ұйымына бағынысты ұжымдар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Тұңғыш Президенттің тестілері өтті.
Президенттік тестілер – бұл бақылаулық нормативтер арқылы халықтың оқуға, еңбек қызметіне, дене тәрбиесі даярлығының және жастардың әскери қызметіне даярлығының жалпы деңгейін айқындайтын жаттығулардың жиынтығы.
Президенттік тестілердің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, халықты мәдениетті және спортпен жүйелі түрде айналасуға тарту, өз денсаулығын және өмірдің әртүрлі қажетін қанағаттандыру.
№6 БЖМОРСМ қызметкерлері жүгіру, ұзындыққа секіру, тартылу, денені жатқан күйінен көтеру сияқты бірқатар тестілерден өтті.