Бүгін, 27 маусымда, Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан велоспорт федерациясы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Дене шынықтыру және спорт басқармасы және King Development компаниясы ұйымдастырған велошеру өтті.
Елорда тұрғындары мен қонақтары халықаралық ЭКСПО көрмесін айналып өтіп, 3 км қашықтықты жүріп өтті. Велошеруге «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қарамағындағы ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Велошеруден кейін бірден әуесқойлар мен ардагерлер арасында велоспорттан «Tour of Kazakhstan – Nur-Sultan Criterium 2021» жарысы өтті. Критериум жарысының қашықтығы 24 км болды. Жеңімпаздар, жүлдегерлер, сондай-ақ барлық жарыс қатысушылары медальдармен, Қазақстан велоспорт федерациясы мен KazEXPO конгресінің естелік сыйлықтарымен марапатталды.
«Нұр-Сұлтан» велоспорт федерациясының президенті болып табылатын King Development компаниясының директоры Аханов Шыңғысқа екі кәсіби тау велосипедтері түрінде №6 БЖМОРСМ-ға демеушілік көрсеткені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.