+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27
  • Жаңалықтар
  • Юниорлар арасындағы тас жолдағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты

Юниорлар арасындағы тас жолдағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты


| Жаңалықтар
Юниорлар арасындағы тас жолдағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты

Ағымдағы жылдың 7-11 сәуір аралығында Қызылорда қ. Юниорлар арасындағы тас жолдағы көпкүндік Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. 11 облыстан келген 75 спортшы жарыстың 5 кезеңінде күш сынасты: 25 км жеке жарыс, 83 км топтық жарыс, 120 км топтық жарыс, 77 км айналма жарысы, 70 км топтық жарыс.

  • 7 сәуір күні жеке жарыста №6 БЖМОРСМ спортшылары Стрельников Е. 32,09 нәтижесімен 2 орын, ал Стрельченко К. 34,14 нәтижесімен 8 орын алды.
  • 8 сәуір күні 83 км топтық жарыста мектеп тәрбиеленушілері Стрельченко К. 3 орында, Васильев Д. 7 орында жарысты аяқтады.
  • 9 сәуірде 120 км топтық жарыста Стрельников Е. жеңіске жетіп, жарыс көшбасшысының сары жейдесін киді. Мектептің басқа спортшылары Стрельченко К. мен Яковенко Е. жарысты 8 және 9 орында аяқтады.
  • 10 сәуір күні жарыстың 4 кезеңі – айналма жарысы өтті. Бұл кезең мектеп тәрбиеленушісі Е.Стрельниковқа қайта жеңіспен аяқталды.
  • 11 сәуірде жарыстың 5 кезеңінде Е. Стрельников 3 орын алды.

Көпкүндік жарыстың нәтижесі бойынша бас жіктелімде мектептің тәрбиеленушісі Стрельников Егор лайықты 1 орынды иеленіп, юниорлар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионы атанды. Сонымен қатар ол «Белсенді велошабандоз» жіктемесінде де жеңіске жетті.  

Жалпы командалық есеп бойынша Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары жарысты 2 орында аяқтады. Спортшыларымызды Чемпионатта көрсеткен керемет нәтижелерімен құттықтаймыз!

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz