+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27
  • Жаңалықтар
  • ҚР СШ, ҚРЕСЖ Ж.Д.Сүлейменовтың сыйлықтарына Республикалық көпкүндік тас жол жарысы

ҚР СШ, ҚРЕСЖ Ж.Д.Сүлейменовтың сыйлықтарына Республикалық көпкүндік тас жол жарысы


| Жаңалықтар
ҚР СШ, ҚРЕСЖ Ж.Д.Сүлейменовтың сыйлықтарына Республикалық көпкүндік тас жол жарысы

Ағымдағы жылдың 1-4 сәуір аралығында Қызылорда қаласында 15-16 жастағы жасөспірімдер мен қыздар арасындағы ҚР СШ, ҚРЕСЖ Ж.Д.Сүлейменовтың сыйлықтарына Республикалық көпкүндік тас жол жарысы өтті. Жарыс төрт кезеңнен тұрды: жеке жарыс, топтық жарыс, айналма жарысы.

2 сәуірде жасөспірімдер арасындағы 15 км жеке жарыста №6 БЖМОРСМ спортшылары Сичкарев В. 5 орын, Житниковский И. 7 орын алды. Қыздар арасындағы 15 км жеке жарыста Слярова Е. кезеңнің  жеңімпазы атанды.  

3 сәуірде жасөспірімдер арасындағы 50 км топтық жарыста Сичкарев В. 2 орынды иеленді, ал қыздар арасындағы 30 км топтық жарыста Склярова Е. тағы да топ жарып жеңіске жетті.

4 сәуірде жарыстың үшінші кезеңі өтті. Жасөспірімдер арасында 60 км топтық жарыста мектеп спортшылары үздік үштіктен кейін топпен мәреге жетті. Қыздар арасында 35 км топтық жарыста мектеп тәрбиеленушісі Склярова Е. кезеңді екінші орында аяқтады.  

5 сәуірде жарыстың соңғы кезеңі өтті. Жасөспірімдер арасындағы 45 км айналма жарыста Сичкарев В. 6 орынды иеленді, қыздар арасында 20 км айналма жарыста Склярова Е. 4 орын алды.

Көпкүндік жарыстың нәтижесі бойынша бас жіктелімде мектептің тәрбиеленушілері Сичкарев Вячеслав жасөспірімдер арасында 3 орын алды, ал қыздар арасында Склярова Елизвета 1 орынды ұтты. Жалпы командалық есеп бойынша Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары жарысты 2 орында аяқтады.  Спортшыларымызды құттықтаймыз!   

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz