+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27

Тректегі жарыстар


| Жаңалықтар
Тректегі жарыстар

Ағымдағы жылдың 13-18 сәуір аралығында тректе бірқатар жарыстар орын алды:

  • Омниум, Мэдисон жарыстарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Чемпионаты. Темп түрлерінен Қазақстан Республикасының Чемпионаты (ерлер, әйелдер);
  • Спринт түрлерінен Қазақстан Республикасының Қысқы Чемпионаты (юниорлар, юниор қыздар);
  • 3 күндік топтық жарыстан Қазақстан Республикасының Чемпионаты (юниорлар, юниор қыздар);
  • Спринт түрлерінен Республикалық жарыс (ерлер, әйелдер).

Жарыстарға 13 облыстан 100-ден астам спортшылар қатысты. Жарыстардың нәтижесі бойынша №6 БЖМОРСМ тәрбиеленушілері келесі велоспорт түрлерінде медальдар ұтып алды:

  • Кузьмина Марина – әйелдер арасындағы 3 км жекелей ізге түсу жарысынан 1 орын
  • Динмухаметов Рамис – ерлер арасындағы 4 км жекелей ізге түсу жарысынан 2 орын
  • Мандракова Елена, Репп Любовь, Зайцева Нина, Склярова Елизавета – юниор қыздар арасындағы командалық спринтте 1 орын
  • Васильев Дмитрий, Сичкарев Вячеслав, Амирхан Мухаммедамин – юниорлар арасындағы командалық спринтте 3 орын
  • Кузьмина Марина, Мандракова Елена, Репп Любовь, Зайцева Нина – әйелдер арасындағы 4 км ізге түсуден командалық жарыста 1 орын
  • Динмухаметов Рамис – ерлер арасындағы 4 км ізге түсуден командалық жарыста құрама команда құрамында 1 орын
  • Кармажаков Сергей – ерлер арасындағы 4 км ізге түсуден командалық жарыста құрама команда құрамында 2 орын
  • Кузьмина Марина – әйелдер арасындағы Омниум жарысында 2 орын
  • Зайцева Нина – юниор қыздар арсындағы Спринт жарысында 1 орын
  • Склярова Елизавета – юниор қыздар арсындағы Спринт жарысында 2 орын
  • Яковенко Евгений – юниорлар арасындағы топтық ұпай жарысында 1 орын
  • Репп Любовь – юниор қыздар арсындағы топтық ұпай жарысында 1 орын
  • Динмухаметов Рамис, Кармажаков Сергей – ерлер арасындағы Мэдисон жарысында 3 орын
  • Зайцева Нина – юниор қыздар арасындағы 500 м Гит жарысында 2 орын
  • Склярова Елизавета – юниор қыздар арасындағы 500 м Гит жарысында 3 орын     

Жарыстар UCI халықаралық ережелері мен ҚР жарыстар өткізу ережелеріне сәйкес өткізілді. Спортшыларымызды жарыстарда көрсеткен керемет нәтижелерімен құттықтаймыз! 

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz