+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27
  • Жаңалықтар
  • Республикалық көпкүндік тас жол жарысы өтті

Республикалық көпкүндік тас жол жарысы өтті


| Жаңалықтар

19-25 маусым күндері Петропавл қаласында 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың жүлдесі үшін тас жолдағы республикалық көпкүндік жарыс өтті. Жарысқа Қазақстан Республикасының 7 облысынан, Ресей Федерациясынан 100-ден астам спортшы қатысты.

1

1 кезең – командалық жарыста Райт Д., Сергулы Н., Риве К., Мұратжанов Е., Иглинский К., Куйтенов М. 3-орынға ие болды.

2 кезең – 70 шақырым топтық жарыста Риве К. кезең жеңімпазы болды.

3 кезең – 55 шақырым топтық жарыста тағы да Риве К. кезең жеңімпазы атанды, Мұратжанов Е. 3-орынға ие болды.

2

4 кезең – 67 шақырым топтық жарыста алдыңғы кезеңдегідей Риве К. кезең жеңімпазы атанды, ал Мұратжанов Е. мәреге үшінші болып жетті.

5 кезең - жеке жарыста Риве К. 5-орынға, ал Мұратжанов Е. 14-орынға ие болды.

Осылайша, бас жіктелімде Рив К. күміс, Мұратжанов Е. қола медальдарға қол жеткізді.

3

5 кезеңнің қорытындысы бойынша командалық есепте Астана қаласының командасы 1-орынға ие болды.   

Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

4

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz