+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27
  • Жаңалықтар
  • "Астана Орманы" ЖШС жүлделеріне арналған республикалық көпкүндік веложарыс

"Астана Орманы" ЖШС жүлделеріне арналған республикалық көпкүндік веложарыс


| Жаңалықтар

20-24 маусымда 13-14 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Астана орманы» ЖШС жүлделері үшін жыл сайынғы Республикалық көпкүндік веложарыс өтті.

Спортшылар 3 кезең бойынша бақ сынады: пролог, топтық жарыс, жеке жарыс және командалық жарыс.

8

Пролог жарысында жасөспірім ұлдар арасында Б.Поберевский жеңімпаз атанды, И.Косолапов 2-орын, Фрунзе Р.3-орын, қыздар арасында 1 орын - Ж.Күйтенова, 2-орын Кузнецова В., 3-орын А.Сломинская иеленді.

Екінші кезең - топтық жарыста жасөспірім ұлдар арасында Қызылорда облысының спортшысы Әбдіқай Ж. жеңімпаз атанса, Поберевский Б. 2-орын және А. Жүнісов 3-орын, қыздар арасында Кузнецова В. 1-орын, Василенко К. 2-ші және Күйтенова 3-ші орындарды иеленді.

9

Үшінші кезең - жеке жарыста Поберевский Б. 1-орын, Жүнісов А. 2-орын және Косолапов И. 3-орынды иеленді. Қыздар арасында Кузнецова В. Жеңімпаз атанып, Василенко К. 2-орынды, Күйтенова Ж. 3 орынға ие болды.

Соңғы кезеңде командалық жарыста Поберевский Б., Жүнісов А., Косолапов И., Фрунзе Р. жеңімпаз атанса, Қызылорда облысының спортшылары Ерік Р., Әбдіқай Ж., Шыңғысұлы А., Зинадин А. 2-орынға ие болды., 3 орынды Әнуар Д., Бектемиров Б., Шахманов Е., Чернушка Б. жеңді. Жұптық-командалық жарыста Кузнецова В., Василенко К. 1-орын, Күйтенова Ж., Сломинская А. 2-орын, Сарбас А., Тілеухан А. 3 орынды иеленді.

10

Велосипед жарысының қорытындысы бойынша жасөспірім ұлдар арасында бас жіктелімде Поберевский Б. - 1 орын, Жүнісов А. 2 орын, Фрунзе Р. 3 орынды иеленді. Қыздар арасында Кузнецова В. 1 орын, Василенко К. 2 орын және Куйтенова Ж. 3 орынды иеленді.

Ең үздік жас велошабандоз номинациясын Саран қаласының спортшысы Коровкин К. жеңді.

11

Жалпыкомандалық есепте 1-2-орынды Астана қаласының командалары және 3-орынды Қызылорда облысының құрама командасы иеленді.

12

«Астана орманы» ЖШС-нің басқарушы директоры Юсуп Келигов спортшыларды веложарысты сәтті аяқтауларымен құттықтап, медальдар мен дипломдарды, сондай-ақ «Астана орманы» ЖШС-нің ақшалай сыйлықтарын табыс етті.

Барлық спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

13

14

15

 

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz