+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27
  • Жаңалықтар
  • Тас жолдағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті

Тас жолдағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті


| Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 3 - 9 шілде аралығында Петропавл қаласында 13-14, 15-16 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында тас жолдағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Спортшылар жеке, командалық жарыс, критериум және топтық жарыстар бойынша сынға түсті.

2

13-14 жас аралығындағы ұлдар арасында командалық жарыста Жүнісов А., Косолапов И., Поберевский Б., Фрунзе Р. 2 орын алды. Сол жастағы қыздар арасында жұптық жарыста Кузнецова В., Василенко К. 2 орын және Күйтенова Ж., Сломинская А. 3 орынды иеленді. 15-16 жас аралығындағы қыздар арасындағы жұптық жарыста А.Венглинская мен Д.Әділбек 2-орынға ие болды.

3

13-14 жас аралығындағы қыздар арасында жеке жарыста В.Кузнецова 2-орынға, Ж.Күйтенова 3-орынға ие болды.

Критериум жарысында 15-16 жас аралығындағы ұлдар арасында Күйтенов М. 3 орын, қыздар арасында Әділбек Д. 2 орынды иеленді. 13-14 жас аралығындағы ұлдар арасында 2 орынды И.Косолапов, ал қыздар арасында 2 орынды Кузнецова В, 3 орынды Василенко К. иеленді.

4

15-16 жас аралығындағы ұлдар арасындағы топтық жарыста Райт Д. 2 орын, Иглинский Д. 3 орын алды. Сол жастағы қыздар арасында 2 орынды Әдібек Д. иеленді. 13-14 жас аралығындағы қыздар арасында 3 орынға Кузнецова В. иеленді. 

Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

5

6

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz