+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
  • Жаңалықтар
  • Маунтинбайктан Қазақстан Республикасының Чемпионаты. Маунтинбайктан Республикалық жарыстар

Маунтинбайктан Қазақстан Республикасының Чемпионаты. Маунтинбайктан Республикалық жарыстар


| Жаңалықтар
Маунтинбайктан Қазақстан Республикасының Чемпионаты. Маунтинбайктан Республикалық жарыстар

6 қазанда ерлер, әйелдер, юниорлар, юниор қыздар арасындағы XCS маунтинбайктан көпкүндік Қазақстан Республикасының Чемпионаты, сондай-ақ жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Республикалық жарыстар аяқталды.

Ерлер/әйелдер, юниорлар/юниор қыздар санатындағы спортшылар жарыстың бес кезеңінде күш сынасты: кросс-кантри жеке жарыс (XСT), кросс-кантри олимпик (XСO), кросс-кантри тауға топтық жарыс (XCP), кросс-кантри қасқа айналым (ХСС) және кросс-олимпик (ХСО).

13-14 / 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар санатындағы спортшылар жарыстың екі түріне қатысты: кросс-кантри жеке жарыс (XСT) және кросс-кантри тауға топтық жарыс (XCP). Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша №6 БЖМОРСМ тәрбиеленушілері Т.Мұхамедиянов ерлер арасында 3 орынға ие болды, ал Котельникова М. юниор қыздар арасында қола медальға ие болды.

Республикалық жарыстың кросс-кантри жеке жарысында (XСT) 13-14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Капезов Ж. жеңімпаз атанды, Күйтенов М. 3 орынға ие болды.
Кросс-кантри тауға топтық жарыста (XCP) 13-14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Ж.Капезов жеңімпаз ретінде тағы да жеңіс тұғырына көтерілді, М.Күйтенов қола медаль иегері атанды. Спортшыларымызды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz