Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек-2 қазан аралығында тректе ерлер/әйелдер, юниорлар/юниор қыздар арасында 4 күндік топтық жарыстан Қазақстан Республикасының Чемпионатты өтті.
Жарыстың барлық кезеңдерінің нәтижелері бойынша №6 БЖМОРСМ тәрбиеленушілері Стрельников Е. юниорлар арасында 2 орынды, Кузьмина М. әйелдер арасында 2 орынды иеленді. Сонымен қатар, 2 қазан күні Қапшағай қаласында мектеп жасөспірімдері маунтинбайктан республикалық жарыста күш сынасты. Жарыстың нәтижесі бойынша 2007-2008 ж. жасөспірімдер арасында Қапезов Ж. жеңімпаз атанды, ал Куйтенов М. 3 орынды иеленді.
Спортшыларымызды жарыстарда көрсеткен керемет нәтижелерімен құттықтаймыз!