+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27
  • Жаңалықтар
  • А. Мартыновичті еске алуға арналған Республикалық жарыс

А. Мартыновичті еске алуға арналған Республикалық жарыс


| Жаңалықтар
А. Мартыновичті еске алуға арналған Республикалық жарыс

Ағымдағы жылдың 16-20 тамыз күндері Петропавл қаласында КСРО спорт шебері А. Мартыновичті еске алуға арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы тас жолдағы Республикалық көпкүндік жарыс өтті.

Спортшылар көпкүндік жарыстың 4 кезеңінде күштерін сынасты.

  • 17 тамыз күні жарыстың 1-ші кезеңі – 36 км топтық жарыс өтті. №6 БЖМОРСМ тәрбиеленушілері 1-ші және 2-ші орынды жеңіп алып үздік нәтижелер көрсетті: Райт Д. кезеңнің жеңімпазы атанды, Иглинский Д. 2-ші орынды иеленді.
  • 18 тамызда 42 км топтық жарыс өтті, онда Райт Д. қайта кезеңді жеңді, ал Муратжанов Е. 3 орынды жеңді.
  • 19 тамызда спортшылар жарыстың 3-ші кезеңі – 50 км топтық жарыста күш сынасты. Мектеп тәрбиеленушісі Райт Д. кезеңді 1-ші болып аяқтады.
  • 20 тамыз күні жарыстың соңғы кезеңі – 15 км жеке жарыс өтті. Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Д.Райт 22 мин 08 сек нәтижесімен 4 орын алды. Оның артынан 22 мин 36 сек нәтижесімен Риве К. 5 орынды иеленді.

Көпкүндік жарыстың нәтижесі бойынша бас жіктелімде Д. Райт Республикалық көпкүндік жарыстың жеңімпазы атанды.  Командалық есепте Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары 2 орын алды! Спортшыларымызды үздік нәтижелерімен құттықтаймыз!

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz