+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27

«Школьник Казахстана-2021» веложарысы


| Жаңалықтар
«Школьник Казахстана-2021» веложарысы

Ағымдағы жылдың 13-19 тамызы аралығында Өскемен қаласында 52-ші Дәстүрлі халықаралық «Школьник Казахстана-2021» көпкүндік веложарысы өтті.

Спортшылар көпкүндік веложарыстың 6 кезеңінде күш сынасты.

  • 13 тамызда 60 км айналма жарысы өтті. №6 БЖМОРСМ спортшысы К.Стрельченко кезеңнің жеңімпазы атанды. Үздік ондықтың ішінде Стрельников Е., Сичкарев В., Васильев Д, Яковенко Е. болды.
  • 14 тамызда 90 км топтық жарысы өтті. Стрельников Е. 3 орынды, Стрельченко К. 7 орынды, Олейник Н. 11 орынды иеленді.
  • 15 тамызда да 90 км топтық жарысы өтті. Онда Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары Е.Стрельников 2 орынды, Д.Васильев 5 орынды иеленді.
  • 17 тамызда 25 км жеке жарысы болды. 32 мин 32 сек нәтижесімен Е.Стрельников кезеңді 5 орында, 33 мин 02 сек нәтижесімен Д.Васильев кезеңді 8 орында аяқтады.  
  • 18 тамыз күні 70 км топтық жарыс өтті. Онда Е.Стрельников мәреге 10-шы болып жетті.
  • 19 тамызда веложарыстың соңғы кезеңі – 60 км айналма жарысы өтті. Бұл жарыста Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Е.Стрельников 2 орынды иеленді. Үздік ондықтың ішінде Васильев Д., Яковенко Е., Стрельченко К. бар.

Көпкүндік жарыстың нәтижесі бойынша бас жіктелімде Е.Стрельников 2 орынды, Д.Васильев 6 орынды, И.Житниковский 9 орынды иеленді.  Спортшыларымызды үздік нәтижелерімен құттықтаймыз!

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz