+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
  • Жаңалықтар
  • «Жас тыңшы» республикалық көпкүндік веложарысы

«Жас тыңшы» республикалық көпкүндік веложарысы


| Жаңалықтар

«Жас тыңшы» республикалық көпкүндік веложарысы

Ағымдағы жылдың 13-18 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Жас тыңшы» республикалық көпкүндік веложарысы өтті.

«Жас тыңшы» жарысы 1981 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Оған 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар қатысады. 

Жарыстың мақсаты мен міндеттері: жалпы халық арасында велоспортты дамыту және даңқын шығару; болашақ келешегі зор спортшыларды анықтау және құрама командаларды толықтыру және спортшылардың спорттық шеберлігін жетілдіру.

Жарысқа республиканың 4 облысынан 60-тан астам спортшылар қатысты. Спортшылар жарыстың 5 кезеңінде бақ сынады: 20 км жеке жарыс, 54 км топтық жарыс, 58 км топтық жарыс, 40 км командалық жарыс, 54 км топтық жарыс.

Жарыс қорытындысы бойынша келесі спортшылар жүлделі орындарға ие болды:

Жеке жарыс 20 км:

Жасөспірімдер арасында

1 орын Заремба Арсений – Қарағанды обл.

2 орын Абдуллаев Дмитрий – Қарағанды обл.

3 орын Батирбеков Темирлан – Нұр-Сұлтан қ.

Қыздар арасында

1 орын Буренкова Ангелина – Жамбыл обл.

2 орын Венглинская Ангелина – ОДО 1 құрамасы

3 орын Рахмжан Аружан – Қызылорда обл.

Топтық жарыс 54 км:

Жасөспірімдер арасында

1 орын Батирбеков Темирлан - Нұр-Сұлтан қ.

2 орын Заремба Арсений – Қарағанды обл.

3 орын Магдеев Санжар – Қызылорда обл.

Қыздар арасында

1 орын Көпжасарова Динара – ОДО 2 құрамасы

2 орын Буренкова Ангелина – Жамбыл. обл.

3 орын Бектаева Бибінұр – Қызылорда обл.

Топтық жарыс 58 км:

Жасөспірімдер арасында

1 орын Егізбай Ердәулет – Қызылорда обл.

2 орын Қылышпеков Заманбек - Нұр-Сұлтан қ.

3 орын Заремба Арсений – Қарағанды обл.

Қыздар арасында

1 орын Тоқбаева Аружан – Қызылорда обл.

2 орын Рахмжан Аружан – Қызылорда обл.

3 орын Буренкова Ангелина – Жамбыл. обл.

Командалық жарыс 40км:

Жасөспірімдер арасында

1 орын Заремба А., Абдуллаев Д., Ковальчук Е., Сумочаков А. – Қарағанды обл.

2 орын Хегай Р., Аман А., Егізбай Е., Магдеев С. - Қызылорда обл.

3 орын Серғұлы Н., Базарбеков Д., Қылышпеков З., Нұрмұқанов Д. - Нұр-Сұлтан қ.

Қыздар арасында

1 орын Ли Ю., Буренкова А. - Жамбыл. обл.

2 орын Мещерякова Е., Венглинская А.- ОДО 1 құрамасы

3 орын Көпжасарова Д., Глушкова О. – ОДО 2 құрамасы

Топтық жарыс 54 км:

Жасөспірімдер арасында

1 орын Батирбеков Темирлан - Нұр-Сұлтан қ.

2 орын Егізбай Ердәулет – Қызылорда обл.

3 орын Закревский Вячеслав – Нұр-Сұлтан 1

Қыздар арасында

1 орын Буренкова Ангелина – Жамбыл. обл.

2 орын Бектаева Бибінұр – Қызылорда обл.

3 орын Петухова Анна - ОДО 2 құрамасы

Жасөспірімдер арасында бас жіктелімде №6 БЖМОРСМ тәрбиеленушісі Батирбеков Темірлан жеңімпаз атанды, екінші орынды Қызылорда облысының спортшысы Егізбай Ердәулет иеленді, қоланы Қарағанды облысынан Заремба Арсений жеңді. Қыздар арасында бас жіктелімде алтынды Жамбыл облысының спортшысы Буренкова Ангелина жеңді, екінші болып жарысты ОДО құрамасының спортшысы Мещерякова Ева аяқтады, қола медальды Қызылорда облысынан Бектаева Бибінұр жеңіп алды.

Белсенді шабандоз номинациясында  Егізбай Ердәулет жеңіске жетті. 

Ең жас шабандоз номинациясында Жаксылык Байтлес жеңіске жетті.

Жасөспірімдер арасында командалық жіктелімде 1 орында Нұр-Сұлтан 1 командасы иеленді, 2 орынды Қарағанды облысы, 3 орынды Қызылорда облысы иеленді. 

Қыздар арасында командалық жіктелімде 1 орынды ОДО құрама командасы жеңді, екінші орынды Жамбыл облысы, 3 орынды Қызылорда облысы иеленді. 

 

Спортшыларды құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz