+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27
  • Жаңалықтар
  • «Олимпиадалық Үміт - 2022» атты дәстүрлі республикалық көпкүндік жарыс

«Олимпиадалық Үміт - 2022» атты дәстүрлі республикалық көпкүндік жарыс


| Жаңалықтар

«Олимпиадалық Үміт - 2022» атты дәстүрлі республикалық көпкүндік жарыс   

Ағымдағы жылдың 6-12 маусымы аралығында Саран қаласында 2008-2009 ж. аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар арасында «Олимпиадалық Үміт - 2022» атты дәстүрлі республикалық көпкүндік жарыс өтті. Жарысқа Қазақстанның 6 облысынан 80-нен астам спортшылар қатысты.  

Спортшылар жарыстың бес кезеңінде күш сынасты: пролог 4 км, топтық жарыс 40 км, жеке жарыс 15 км, топтық айналма жарысы 25 км, топтық жарыс 25 км. Және бұл жарыстан бөлек, есептен тыс, спортшылар 25 км Критериум жарысына қатысты.

Жарыстың бірінші кезеңінде Риве К. жеңімпаз атанды, Куйтенов М. кезеңді екінші болып аяқтады.

Жарыстың екінші кезеңінде Куйтенов М. жеңімпаз атанып, Риве К. екінші орынды иеленді.  

Үшінші кезең жеке жарыста Риве К. ең үздік уақыт көрсетті, екінші үздік уақытты Куйтенов М. көрсетті.   

Төртінші кезең айналма жарысында Риве К. Жеңіске жетті, Куйтенов М. жарысты екінші болып аяқтады. 

Бесінші ең соңғы кезеңде Куйтенов М. үшінші орынды иеленді. 

Бес кезеңінің қорытындысы бойынша бас жіктелімде №6 БЖМОРСМ тәрбиеленушілері Риве К. жеңіске жетіп, республикалық жарыстың жеңімпазы атанды,  Куйтенов М. күміс жүлдегері атанды. 

Жарыстан бөлек, есептен тыс өткен Критериум жарысында Риве К. Үшінші орынды иеленді. 

Спортшыларымызды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

Велоспорт түрлері

Пайдалы ресурстар

akkorda ruhani akimat kultura para strahovenie kultura-sport-kz

12022 06 15

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Нұр-Сұлтан қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz