Бүгін жасөспірімдер мен қыздар арасындағы велокросстан Қазақстан Республикасы Чемпионатының 3-ші бөлімі өтті.
№6 БЖМОРСМ тәрбиеленушісі Ж.Қапезов Чемпионаттың қорытындылаушы үшінші бөлімінің жеңімпазы атанды. М.Куйтенов үшінші орынды иеленді. Үш бөлімнің нәтижелері бойынша Ж.Қапезов жасөспірімдер арасында велокросстан Қазақстан Республикасы Чемпионы атанды. Спортшыларымызды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз.