+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 10:00-17:00
  • Жаңалықтар
  • Жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты

Жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты


| Жаңалықтар
Жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты

Ағымдағы жылдың 21-25 қыркүйек аралығында Талдықорған қ. 2005-2006 жж. жасөспірімдер мен қыздар арасында көпкүндік жарыстан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Чемпионатта жасөспірімдер 5, ал қыздар 4 кезеңде күш сынасты. Бірінші кезеңде 15 км жеке жарыста жасөспірімдер арасында И.Житниковский қашықтықты 20 мин 54 сек өтіп шығып 7 орынды иеленді. Қыздар арасында Е.Склярова қашықтықты 23 мин 17 сек өтіп шығып 2 орынды иеленді.    

Екінші кезеңде 63 км топтық жарыста жасөспірімдер арасында Житниковский И. 3 орынды иеленді. Қыздар арасында 41 км топтық жарыста Склярова Е. 2 орынды иеленді. Үшінші кезеңде 80 км топтық жарыста ең жақын болып Житниковский И. алтыншы орында мәреге жетті.

Қыздар арасында үшінші кезең 12 км жеке жарыс болды, онда 25 мин 27 сек нәтижесімен Склярова Е. кезеңнің жеңімпазы атанды. Төртінші кезеңде 12 км жеке жарыста 21 мин 05 сек нәтижесімен Житниковский И. 2 орынды иеленді. Төртінші кезеңде 50 км айналма жарыста қыздар арасында мәреге 5 орында Склярова Е. келді.

Бесінші кезеңде 66 км айналма жарыста жасөспірімдер арасында Амирхан М. Жарысты 8-ші болып аяқтады. Барлық кезеңдердің нәтижесі бойынша бас жіктелімде жасөспірімдер арасында Житниковский И. 3 орынды иеленді, қыздар арасында Склярова Е. 2 орынды иеленді. «Тау велошабандозы» жіктелімінде Склярова Е. жеңіске жетті. Командалық жіктелімде Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары 2 орынды иеленді.   

Спортшыларымызды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

Велоспорт түрлері

Пайдалы ресурстар

akkorda ruhani akimat kultura para strahovenie kultura-sport-kz
№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Нұр-Сұлтан қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2021 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz