Ағымдағы жылдың 7-10 қазаны аралығында Қапшағай қаласында 13-14, 15-16 жасар жасөспірімдер мен қыздар арасында XCS маунтинбайктан көпкүндік Қазақстан Республикасының
Чемпионаты өтті. Жарысқа республикамыздың 10 облысынан 100-ден астам спортшы қатысты. Спортшылар жарыстың үш кезеңінде күш сынасты: кросс-кантри жеке жарысы (XСT), кросс-кантри тауға топтық жарысы (XCP) және кросс-олимпик (ХСО).
- Жарыстың бірінші кезеңінде 13-14 жасар жасөспірімдер арасында Ж.Қапезов жеңімпаз атанды, М.Күйтенов кезеңді үшінші болып аяқтады.
- Жарыстың екінші кезеңінде М.Күйтенов 1 орынды, Ж.Қапезов 3 орынды иеленді.
- Үшінші кезеңде Ж.Қапезов кезеңнің жеңімпазы атанды, М.Күйтенов жарысты 3-ші орында аяқтады.
Чемпионаттың үш кезеңінің қорытындысы бойынша 13-14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында №6 БЖМОРСМ тәрбиеленушілері Ж.Қапезов жеңіске жетіп, Чемпион атанды, М.Күйтенов Чемпионаттың қола жүлдегері атанды. Спортшыларымызды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!