СШ А.Мартыновичті еске алуға арналған республикалық көпкүндік велосипед жарысы
Ағымдағы жылдың 23-28 тамыз аралығында Петропавл қаласында СШ А.Мартыновичті еске алуға арналған республикалық көпкүндік велосипед жарысы өтті. Жарысқа 2008-2009 жылғы жасөспірімдер қатысты.
Спортшылар жарыстың төрт кезеңінде күш сынасты: 40 км топтық жарыс, 50 км топтық жарыс, 40 км топтық жарыс және 15 км жеке жарыс.
Бірінші кезеңде №6 БЖМОРСМ спортшылары үздік үштіктен көрінді, осылайша Күйтенов М. кезең жеңімпазы атанды, Риве К. екінші орынды және Салдыбаев Д. үшінші орынды иеленді.
Екінші кезеңде жігіттер бірінші кезеңдегі жетістіктерін тағы да қайталады. Бірақ бұл жолы бірінші орынды Риве К., екінші орынды Күйтенов М., Салдыбаев Д. үшінші орынмен жарысты аяқтады.
Үшінші кезеңде мектебіміздің үш спортшысы да жеңіс тұғырынан көрінді. Бірінші орында Жақсылық Б., екінші орында Салдыбаев Д, үшінші орында Риве К.
Төртінші кезеңде жекелей жарыста үздік уақытты Риве К. иеленіп, жарыс жеңімпазы атанды.
Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы жіктелімде Риве К. жеңіске жетіп, жарыстың жеңімпазы атанса, Күйтенов М. жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Жалпы командалық есепте Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары бірінші орын алып, кубокты жеңіп алды!
Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!