Нұр-Сұлтан қаласында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ағымдағы жылдың 16 тамызында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни – ағартушылық жұмысын, сонымен қатар діни эстремизімнің таралуын алдын алуға бағыттылған рухани-ағарту жұмысын ұйымдастыру шеңберінде №6 БЖМОРСМ қызметкерлерімен семинар өткізді.
Аталған семинарды РАТТ мүшелері «Исламды зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, дінтанушы PhD Б.А.Мырзаев пен ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Б.Р.Шериязданов өткізді.
Өткізілген іс-шарада қызметкерлерге Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.
Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қазақстандық қоғамдағы әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін арттыруға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.
Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, сауалдарға тұжымды жауаптар алынды.