ҚазССР еңбек сіңірген жаттықтырушысы В.З.Лиді еске алуға арналған тас жолдағы велоспорттан республикалық жарыс
Ағымдағы жылдың 28-30 сәуір аралығында Қызылорда қаласында 15-16, 13-14 жас аралығындағы қыздар арасында ҚазССР еңбек сіңірген жаттықтырушысы В.З.Лиді еске алуға арналған тас жолдағы велоспорттан республикалық жарыс өтті. Жарыстың үш түрі бойынша спортшылар күш сынасты: 10 км жеке жарыс, 40 км топтық-айналма жарысы, 20 км Критериум жарысы.
№6 БЖМОРСМ спортшы қыздары жарыста үздік нәтиже көрсете білді.
Жеке жарыста 15-16 жас аралығындағы қыздар арасында Е.Мещерякова жеңімпаз атанды. 13-14 жас аралығындағы қыздар арасында А.Сломинская 3 орынды иеленді.
Топтық-айналма жарысында 15-16 жас аралығындағы қыздар арасында Е.Мещерякова жарысты екінші болып аяқтап, қайта тұғырға көтерілді. 13-14 жас аралығындағы қыздар арасында Д.Кочеткова 3 орынды иеленді.
Критериум жарысында 15-16 жас аралығындағы қыздар арасында А.Венглинская жеңімпаз атанып, 13-14 жас аралығындағы қыздар арасында А.Сломинская жарысты үшінші болып аяқтады.
Спортшыларымызды құттықтаймыз!