+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27

«Қазақстанның оқушысы» веложарысы


| Жаңалықтар

«Қазақстанның оқушысы» веложарысы

Ағымдағы жылдың 30 шілдесі мен 8 тамызы аралығында Өскемен қаласында 52-ші дәстүрлі «Қазақстан оқушысы» республикалық көпкүндк веложарысы өтті.

Веложарыс 8 кезеңнен тұрды, оған Қазақстанның 12 облысынан 80-нен астам спортшы қатысты.

№6 БЖМОРСМ спортшылары бірнеше кезеңде жақсы нәтиже көрсете білді. Екінші кезеңде 77 км топтық жарыста Житниковский И. кезең жеңімпазы атанды. Төртінші кезеңде 71 км топтық жарыста Р. Хакимов мәреге үшінші болып келді. Алтыншы кезеңде 20 км жеке жарыста Р. Хакимов үшінші үздік уақыт көрсетті. Ол жетінші кезеңде де жетістігін қайталап, 83 км топтық жарыста үшінші болып мәреге жетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының командасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды.

Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz