UCI 2-деңгейдегі жаттықтырушы
10 шілде мен 10 тамыз аралығында №6 БЖМОРСМ жаттықтырушысы Искакова Амилия Булатовқызы UCI халықаралық Корей орталығында біліктілікті арттыру курсын өтті. UCI – Халықаралық велошабандоздар одағының басым бағыттарының бірі – велоспорт жаттықтырушыларының біліктілігін арттыру, олардың кәсіби білімін, біліктілігін және жас спортшыларды дайындаудағы құзыреттілігін арттыру болып табылады.
Амилия Булатқызы курстың теориялық және практикалық бөлігін сәтті аяқтап, емтиханды өте жақсы бағаға тапсырды. Ол UCI 2 деңгейдегі жаттықтырушы сертификатының иегері атанды.
Құттықтаймыз және жұмысыңызға табыс тілейміз!