Бүгін №6 БЖМОРСМ жасөспірім ұлдары мен қыздары арасында екі кезеңнен тұратын жалпы дене даярлығынан жарыс аяқталды. Спортшылар жүгіру, «тапанша» жаттығуы, тартылу, орындықтан секіру, ұзындыққа секіру сынды жаттығулардан бақ сынасты.
Үлкен жасөспірім ұлдар арасында Богдан Чернушко 1 орынға, Рүстем Мадияр 2 орынға, Александр Нелепченко 3 орынға ие болды.
Үлкен жасөспірім қыздар арасында Валерия Кузнецова 1 орынды, Айша Сарбас 2 орынды, Төлеухан Аруана 3 орынды иеленді.
Кіші жасөспірім ұлдар арасында Максим Смирнов 1 орынды, Алан Васильев 2 орынды, Глеб Плюснин 3 орынды иеленді.
Кіші жасөспірім қыздар арасында Айша Болғазы 1 орынды, Ульяна Кузнецова 2 орынды, Томирис Исмағамбетова 3 орынды иеленді.
Барлық спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!