+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда қаласында Республикалық көпкүндік жарыстар өтті

Қызылорда қаласында Республикалық көпкүндік жарыстар өтті


| Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 4-7 мамыры аралығында Қызылорда қаласында велоспорттан 13-14 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында КСРО CШ Е.Т.Червоненконы еске алуға арналған республикалық көпкүндік жарыс өтті.

Республикалық жарысқа республиканың 10 облысынан 130-дан астам спортшы қатысты. №6 БЖМОРСМ спортшылары чемпионатты тамаша нәтижелермен аяқтады.

Пролог жарысында ұлдар арасында Илья Косолапов 2 орын, қыздар арасында Валерия Кузнецова 1 орын, Жанар Күйтенова 2 орынды иеленді.

Топтық жарыста Илья Косолапов 1 орынды, Валерия Кузнецова 1 орынды, Жанар Күйтенова 3 орынды иеленді.

Ұлдар арасында командалық жарыста Илья Косолапов, Богдан Чернушка, Дамир Мертасов, Данил Григоренко 2-орынға ие болды.

Қыздар арасындағы жұптық - командалық жарыста Жанар Күйтенова мен Валерия Кузнецова 1-орынға, Төлеухан Аруана мен Карина Миськова 2-орынға ие болды.

Критериум жарысында ұлдар арасында Илья Косолапов 2-орынды жеңіп алса, қыздар арасында астаналық спортшылар жеңіс тұғырының барлығын иеленді:

Төлеухан Аруана 1-орын, Валерия Кузнецова - 2-орын және Жанар Күйтенова - 3-орын.

Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

WhatsApp Image 2024 05 07 at 18.41.04

WhatsApp Image 2024 05 07 at 18.41.05

WhatsApp Image 2024 05 07 at 18.41.05 1

WhatsApp Image 2024 05 07 at 18.41.05 2

WhatsApp Image 2024 05 07 at 18.41.06

WhatsApp Image 2024 05 07 at 18.41.06 1

WhatsApp Image 2024 05 07 at 18.41.07

WhatsApp Image 2024 05 07 at 18.41.07 1

 

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz