+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27
  • Жаңалықтар
  • Тас жолдағы ҚР Қысқы Чемпионаты, Критериум жарысы бойынша ҚР Чемпионаты (1 тур)

Тас жолдағы ҚР Қысқы Чемпионаты, Критериум жарысы бойынша ҚР Чемпионаты (1 тур)


| Жаңалықтар
Тас жолдағы ҚР Қысқы Чемпионаты, Критериум жарысы бойынша ҚР Чемпионаты (1 тур)

25-27 наурыз аралығында Тараз қ. Ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті. Жарысқа барлығы 13 облыстан 150-ден астам спортшылар қатысты.  

Ерлер 25 км жеке жарыста, 120 км топтық жарыста және 18 км командалық эстафетада жарысқа түсті. Әйелдер 20 км жеке жарыста, 70 км топтық жарыста және 12 км командалық эстафетада күштерін сынады.

Әйелдер арасында 20 км жеке жарыста №6 БЖМОРСМ тәрбиеленушісі Елена Мандракова күміс медаль ұтты. Елена жарысты 28’43,11 нәтижесімен аяқтады.
70 км топтық жарыстың мәресіндегі қызу жарыста мектептің тәрбиеленушісі Марина Кузьмина жарысты 2-ші орында аяқтады.

Командалық эстафетада №6 БЖМОРСМ спортшылары Динмухаметов Р., Кармажаков С., Филатов Ю., Стрельников Е., Кузьмина М., Мандракова Е. күміс медальдар ұтты.  

28 наурызда Критериум жарысының 1 кезеңінде мектептің тәрбиеленушілері Р. Динмухаметов және Н.Зайцева 4 ұпай, Д. Буканова 5 ұпай жинады. Осы жыл ішінде спортшылар тағы 2 кезеңде жарысқа түседі.  

Спортшыларымызды құттықтаймыз және алдағы жарсытарда сәттілік тілейміз!   

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz