+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27
  • Жаңалықтар
  • «2021 жылдың Велоспорттан №6 БЖМОРСМ Үздік спортшысы, үздік жаттықтырушысы және үздік бөлімшесі» байқау-жарысы

«2021 жылдың Велоспорттан №6 БЖМОРСМ Үздік спортшысы, үздік жаттықтырушысы және үздік бөлімшесі» байқау-жарысы


| Жаңалықтар
Смотр-конкурс «Лучший спортсмен, лучший тренер и лучшее отделение СДЮСШОР №6 по велоспорту в 2021 г.»

№6 БЖМОРСМ 2021 жылдың үздік спортшысын, үздік жаттықтырушысын және үздік бөлімшесін анықтау мақсатында байқау-жарыс өткізеді.

Байқау-жарыстың мақсаты – оқушы-спортшылардың жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуде ынталарын арттыру, жаттықтырушы-оқытушылар құрамының жұмыс тиімділігін жоғарылату, тәрбие және оқу-жаттығу үрдісінің сапасын арттыру.

Байқау-жарыста Велоспорттан №6 БЖМОРСМ оқушы-спортшылары, жаттықтырушы-оқытушылары және бөлімшелері қатысады.

Байқау-жарыс 3 номинация бойынша өткізіледі:

  • Үздік спортшы
  • Үздік жаттықтырушы-оқытушы
  • Спорт түрі бойынша үздік бөлімше

Байқау қорытындысы күнтібелік жыл аяғында шығарылады. Аралық қорытынды ай сайын жарияланады. Байқау-жарыстың жеңімпаздары жарыстарға қатысу нәтижелері мен ең үлкен балл соммалары бойынша анықталады.  Олар алғыс хаттармен, кубокпен және құнды сыйлықтармен марапатталады.

Оқушы-спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушыларға сәттілік тілейміз!  

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ. 2021 жылдың спорт түрі бойынша үздік спортшы, үздік жаттықтырушы, үздік бөлім номинацияларына баллдар санау

Жарыс атауы 1-орын 2-орын 3-орын 4-орын 5-орын 6-орын 7-орын 8-орын 9-орын 10-орын
ҚР Жастар ойындары 20 18 16 14 12 10 8 6 4 2
Ұлттық ҚРЧ 20 18 16 4 12 10 8 6 4 2
ҚР Чемпионаттары 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1
ҚР Кубоктары 7 6 4 3 2 0 0 0 0 0
Республикалық жарыстар 5 4 3 2 1 0 0 0 0 0
№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz