Елордалық велошабандоз Рамис Динмухаметов тректегі Азия Чемпионатында ізге түсуден командалық жарыста қола медальға қол жеткізді. 4 шақырым қашықтықты ҚР ұлттық құрама командасы 4:03.129 уақытта өтіп шығып, құрлықтық біріншілікте Жапония мен Қытай командаларына ғана ұтылды.
Астана қаласының тағы бір велошабандозы Дмитрий Резанов командалық спринтте 5 орынды иеленді.
Естеріңізге сала кетсек, 21-26 ақпан аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында тректегі Азия чемпионаты өтуде.
Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!