+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27
  • Жаңалықтар
  • Р.С. Бадретдиновты еске алуға арналған Республикалық жарыс

Р.С. Бадретдиновты еске алуға арналған Республикалық жарыс


| Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 30 наурыз - 1 сәуір күндері Қызылорда қаласында КСРО спорт шебері Р.С. Бадретдиновты еске алуға арналған 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы тас жолдағы Республикалық көпкүндік жарыс өтті.     

Спортшылар көпкүндік жарыстың 3 кезеңінде күштерін сынасты.    

30 наурыз күні жарыстың 1-ші кезеңі – 10 км жеке жарыс өтті. №6 БЖМОРСМ тәрбиеленушілерінің арасында ең жақсы уақыт көрсеткен Батирбеков Тамирлан 7 орынды иеленді.   

31 наурызда 50 км топтық жарыс өтті, онда Кылышбеков Заманбек 2 орынды жеңді.   

1 сәуір күні жарыстың 3-ші кезеңі – 40 км топтық жарыста мектеп тәрбиеленушісі Қылышбеков Заманбек кезеңді 3-ші болып аяқтады.   

Көпкүндік жарыстың нәтижесі бойынша бас жіктелімде Кылышбеков Заманбек Республикалық көпкүндік жарыста 6 орынды иеленді.

Спортшыларымызды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz