Ағымдағы жылдың 6-10 маусымы аралығында Саран қаласында жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ХХХV дәстүрлі республикалық көпкүндік тас жол жарысы өтті.
Жарысқа республиканың барлық аймақтарынан 100-ден астам ұл-қыз қатысты. Спортшылар көпкүндік веложарыстың 4 кезеңінде бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің қыздар жеңіс тұғырына толық көтерілді. Валерия Кузнецова 1 орынды, Жанат Күйтенова 2 орынды және Анастасия Сломинская 3 орынды иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің команда жалпыкомандалық есепте 2 орынға ие бо лды.
Спортшыларымызды құттықтаймыз және алдағы жарсытарда сәттілік тілейміз!