+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27
  • Жаңалықтар
  • Маунтинбайктың ХСS жарысынан ҚР Чемпионаты Ағымдағы жылдың 8-10 қазан аралығында Қонаев қаласында жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Маунтинбайктың ХСS көпкүндік жарысынан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. ХСS көпкүндік жарысынан Қаза

Маунтинбайктың ХСS жарысынан ҚР Чемпионаты Ағымдағы жылдың 8-10 қазан аралығында Қонаев қаласында жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Маунтинбайктың ХСS көпкүндік жарысынан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. ХСS көпкүндік жарысынан Қаза


| Жаңалықтар

Маунтинбайктың ХСS жарысынан ҚР Чемпионаты     

Ағымдағы жылдың 8-10 қазан аралығында Қонаев қаласында жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Маунтинбайктың ХСS көпкүндік жарысынан Қазақстан Республикасының  Чемпионаты өтті.  

ХСS көпкүндік жарысынан Қазақстан Республикасының Чемпионаты 3 кезеңнен тұрды.

Бірінші кезең жеке жарыста 15-16 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар арасында Батирбеков Т. 2 орынды, ал  13-14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Риве К. 3 орынды иеленді. Екінші кезең кросс-кантри топтық жарысында 15-16 жас аралығындағы жасөспірім қыздар арасында Венглинская А. 2 орынды, ал 13-14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Риве К. 3 орынды иеленді. Үшінші кезең кросс-кантри олимпик жарысында 15-16 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар арасында Батирбеков Т. жарысты үшінші болып аяқтады.  

Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша бас жіктелімде №6 БЖМОРСМ тәрбиеленушілері Батирбеков Т. 15-16 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар арасында 3 орынды жеңді, ал дәл осы жас аралыңында қыздар арасында А. Венглинская да қола медалінің иегері атанды.

Спортшыларымызды құттықтаймыз және алдағы жарсытарда сәттілік тілейміз!

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz