18-23 шілде аралығында Текелі қаласында маунтинбайктың кросс-кантри олимпик және кросс-кантри шорт-трек жарыстарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты өтті. №6 БЖМОРСМ спортшысы Темирлан Мухамедянов ерлер арасында кросс-кантри олимпик жарысында 3-ші орынды иеленіп жақсы нәтиже көрсете білді.
Тағы бір спортшымыз Дмитрий Хомячук юниорлар арасында кросс-кантри шорт-трек жарысында күміс медальға қол жеткізе алды.
Спортшыларымызда құттықтаймыз және алдағы жарсытарда сәттілік тілейміз!