Кеше 2009-2010 және 2011 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында «Веломаусымның ашылуы» атты Астана қаласының Кубогі мәресіне жетті. 2 күн бойы спортшылар жеке және топтық жарыстарда сынға түсті.
2009-2010 ж.т. ұлдар арасында 10 шақырымдық жеке жарыста бірінші орынды Поберевский Богдан, 2 орынды Фрунзе Роман және 3 орынды Портянкин Григорий иеленді. Сол жастағы қыздар арасында 1-орынды Ксения Василенко, 2-орынды Анастасия Гельфанд және 3-орынды Анастасия Сломинская иеленді.
2011 жылы туған ұлдар мен қыздардың жеке жарысының қашықтығы 5 км болды. Ұлдар арасында Нелепченко Александр 1 орынды, Филатов Александр 2 орынды және Павлов Егор 3 орынды, ал қыздар арасында Қайыржанова Камелия 1, Нұрғали Айша 2 орынды иеленді.
Топтық жарыстың қашықтығы 30 шақырымды құрады. 2009-2010 жылы туған ұлдар арасында 1 орынды Ерасыл Шахманов, 2 орынды Әлихан Жүнісов және 3 орынды Григорий Портянкин жеңді. Қыздар арасында Күйтенова Жанара жеңімпаз атанды, жарысты Василенко Ксения 2 орында, Сарбас Айша 3 орында аяқтады.
Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!