+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27
  • Жаңалықтар
  • ХДСШ В.Бобылевті еске алуға арналған маунтинбайктан жарысы.

ХДСШ В.Бобылевті еске алуға арналған маунтинбайктан жарысы.


| Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 6-10 мамыр аралығында Қостанай қаласында ХДСШ В.Бобылевті еске алуға арналған маунтинбайктан «Чемпиондар мемориалы» атты дәстүрлі республикалық көпкүндік велосипед жарысы өтті. Жарысқа юниорлар, юниор қыздар, жасөспірімдер, қыздар, сонымен қатар әуесқойлар қатысты.

Спортшылар жарыстың үш кезеңінде күш сынасты: кросс-кантри жеке жарысы (XСT), кросс-кантри шорт-трек (XCС) және кросс-олимпик (ХСО).

Жарыстың бірінші кезеңінде юниор қыздар арасында Котельникова М. жеңімпаз атанды, Оразбаева А. кезеңді екінші болып аяқтады.

Жарыстың екінші кезеңінде Котельникова М. қайта жеңімпаз атанды, Оразбаева А. кезеңді екінші болып аяқтады.

Үшінші кезеңде Котельникова М. мен Оразбаева А. бірінші екі кезеңде көрсеткен нәтижелерін қайталады.

Чемпионаттың үш кезеңінің қорытындысы бойынша юниор қыздар арасында бас жіктелімде №6 БЖМОРСМ тәрбиеленушілері Котельникова М. жеңіске жетіп, жарыс жеңімпазы атанды,  Оразбаева А. күміс жүлдегері атанды.

Спортшыларымызды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz