6-10 мамыр аралығында Қостанай қаласында В.Бобылевты еске алуға арналған 13-14, 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер ұлдар мен қыздар, юниорлар арасында «Чемпиондар мемориалы» атты дәстүрлі республикалық көпкүндік веложарысы өтті.
Спортшылар жарыстың үш кезеңінде күш сынасты: жеке жарыс, кросс-кантри шорт-трек және кросс-кантри олимпик. Көпкүндік жарыстың қорытындысы бойынша юниорлар арасында Батирбеков Тамерлан жеңімпаз атанды, 15-16 жас аралығындағы жасөспірім қыздар арасында Әділбек Дамиля 2 орын, 13-14 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар арасында Косолапов Илья 3 орын және 13-14 жас аралығындағы жасөспірім қыздар арасында Кузнецова Валерия 2 орынды иеленді.