+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
  • Жаңалықтар
  • АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ТАС ЖОЛДАҒЫ ВЕЛОСПОРТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ТАС ЖОЛДАҒЫ ВЕЛОСПОРТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ


| Жаңалықтар

Таиландтың Пхитсанулок қаласында 44-ші Азия чемпионаты басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде «элита» санатындағы аралас эстафета (42,8 км) өтті. Бұл сайыста Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде Жапония құрамасына бұйырса, қола жүлдені Гонконг командасы иеленді. Жеңімпаздар қатарында Астана қаласының спортшысы Дмитрий Груздев өнер көрсетті.

Сонымен қатар, аралас эстафета (21,4 км) жарысында Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы күміс жүлдегер атанды. Команда сапында елордалық  Мұрат Күйтенов сәтті өнер көрсетті.

Айта кетейік, Азия чемпионатына 27 елден велошабандоздар қатысуда. Құрлықтық біріншілік 16 ақпанда мәресіне жетеді.

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz