+7 (7172) 24-92-27 | Жұмыс уақыты: Дс-Жм 09:00-18:00
+7 (7172) 24-92-27
  • Жаңалықтар
  • «Абая жолы» атты ерлер арасында тас жодағы көпкүндік жарыстан ҚР Чемпионаты

«Абая жолы» атты ерлер арасында тас жодағы көпкүндік жарыстан ҚР Чемпионаты


| Жаңалықтар

«Абая жолы» атты ерлер арасында тас жодағы көпкүндік жарыстан ҚР Чемпионаты    

1-9 шілде аралығында Өскемен қаласында «Абай жолы» атты ерлер арасында тас жолдағы көпкүндік жарыстан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Чемпионатқа республиканың он облысынан 50-ден астам спортшы қатысты.

Спортшылар жарыстың 8 кезеңінде сынға түсті.

№6 БЖМОРСМ спортшылары жарыстың бірнеше кезеңінде тамаша нәтиже көрсетті.

Сонымен, бірінші кезеңде – Прологта С. Кармажаков екінші, үшінші кезеңде – 83 км топтық жарыста Стрельников Е. үшінші, төртінші кезеңде – 120 км топтық жарыста Стрельников. Е. қайтадан үшінші орын алды, бесінші кезеңде – 83 км топтық жарыста Стрельников Е. кезең жеңімпазы атанды, жетінші кезеңде – 83 км топтық жарыста С. Кармажаков кезең жеңімпазы атанды. 

Көпкүндік веложарыстың қорытындысы бойынша бас жіктелімде Е.Стрельников күміске қол жеткізді. Ал Нұр-Сұлтан командасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды жеңіп алды.

Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

№6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған
олимпиадалық резерв спорт мектебі

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Қабанбай батыр даңғ. 45А,
"Сарыарқа"велотрегі ғимараты (карта) | Қабылдау бөлімі: +7 [7172] 24-92-27
© 2022 Барлық құқықтар сақталған. №6 БЖОРМСМ | arctika.kz