19-27 тамыз күндері Өскемен қаласында ерлер арасында тас жолда А.Құнанбаевқа арналған «Абай жолы» көпкүндік жарысынан Қазақстан Республикасының Ашық чемпионаты өтті. Жарыстың 7 кезеңінде республиканың 10 облысынан 43 спортшы бақ сынады.
Көпкүндік жарыстың қорытындысы бойынша біздің тәрбиеленушілер тамаша нәтиже көрсетті. Васильев Дмитрий Қазақстан Республикасының чемпионы атағын жеңіп алса, Стрельченко Кирилл күміске қол жеткізді.
Командалық есепте біздің команда 1 орынға ие болды.
Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!